Атырау сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адамға қылмыстық кодекстің "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян тигізу" бабы бойынша айып тағылды.
Атырау облысында сот аңшылық кезінде адамға оқ ату ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқыс оқиға биылғы жылдың қаңтарында болған. Сотталушы досымен бірге Атырау маңындағы орманға аң аулауға барады. Бір уақытта ағаштың түбінде отырған ол 30 метрдей жерде қасқырға ұқсас екі сұлбаны байқап қалады. Аңшы оның қасқыр екеніне көз жеткізбей, бұтаққа жаққа қарай оқ атады. Адамның даусы шыққан соң жүгіріп барған ол жерде қансырап жатқан ер адамды көреді.
Сот айыпталушының кінәсін толық мойындауын, бұрын сотталмағанын ескере отырып, бостандығын бір жылға шектеу туралы шешім шығарды.