Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады.
ERNUR.KZ. ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.
Егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
- ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
- ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).
"Pfizer" вакцинасын қолдану рұқсат етіледі: (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарға ревакцинациялау кезінде (барлық топтағы мүгедектер); (екінші доза) аяқтау үшін рұқсат етіледі.


