Асқар Мамин киім тігуге дағдыланған цехқа кіріп, отандық өнімнің сапасымен, бағасымен танысты.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Ақтөбеге сапары кезінде арнайы киім тігетін цех жұмысымен танысып, өзіне күртке сатып алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Жұмысшылар киімін тігуге дағдыланған цехқа бүгін Премьер - Министр Асқар Мамин кіріп, отандық өнімнің сапасымен, бағасымен танысты.
Үкімет басшысы аралап көрген «Глобал Спецодежда» ЖШС-нің тігін цехында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 30 пайызы көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі жандар. 2004 жылдан бері жұмыс істейтін өндіріс орны жылына 250 мың киім-кешек тігеді.
«Бар болғаны 18 мың теңге тұрады. Жұмысқа, іс-сапарға киемін. Сапасы жақсы, өзгелерге де сатып алуға кеңес беремін», - деді Үкімет басшысы.
Цех матаны Корея, Ресей, Түркиядан тапсырыспен алдырады. Мұнайшылар мен құрылысшылар көп тапсырыс беретін цех кез келген сатып алушының өтінішін орындай алады.
«Асқар Мамин 54 өлшемді күртке сатып алды. Ол өз картасымен төлем жасады. Құнын төмендетіп жазу туралы ойымызда болмаған, бәріне ортақ бағамыз осы. Арнайы киімдер қолжетімді бағада сатылады», - компания өкілі Ксения Манатова.