Үкімет басшысы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы Үкімет отырысын өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша науқастану айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толды», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы пандемиядан шығудың жалғыз жолы – вакциналау екенін еске салды.
«Қазіргі уақытта 5,5 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін ектірді және 4 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Премьер-Министр.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндаған еді.
Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта тұр. Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел «қызыл» аймақта.