Асқар Мамин өз-өзін оқшаулады

0
866

Үкімет басшысы бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады.


Асқар Мамин өз-өзін оқшаулады

Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды.

«12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-Министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс. Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», делінген хабарламада.