Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

0
909

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.


Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылғы 11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қаласы) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қаласы) барады.

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды.

Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады.

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген.

Дереккөз: Үкімет баспасөз қызметі