Әскерде тағы өлім: Аягөзде офицер өзіне қол салды

0
130

Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Әскерде тағы өлім: Аягөзде офицер өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Абай облысында әскери қызметкердің мәйіті табылды, деп жазады Stan.kz.




Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі офицердің өзіне қол салғанын айтады.

"19 қыркүйекте Аягөз гарнизоны әскери бөлімнің офицерінің мәйіті жұмыстан тыс уақытта пәтерінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, офицер асылып қалған", – деп хабарлады гарнизон.



Әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.