Әскердегі қайғылы жағдай: Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты

0
368

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.


Әскердегі қайғылы жағдай: Маңғыстауда бір сарбаз қаза тапты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбазға байқаусызда оқ тиіп, көз жұмды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.

Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.