Әскери қызметкерді жұмыстан заңсыз босатқан

0
1 656

Өткен жылдың желтоқсан айында әскери бөлім командирінің бұйрығымен Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ҰШҚ әскери бөлімінде саптық және кадрлық бөлімшесінде штаттан тыс іс жүргізу бойынша инженер қызметкері жұмыстан босатылған.


Әскери қызметкерді жұмыстан заңсыз босатқан

Жұмыстан босап қалған әскери қызметкер сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ҰШҚ әскери бөлімінде саптық және кадрлық бөлімшесінде штаттан тыс іс жүргізу бойынша инженер боп қызмет істеген А. сотқа жүгінген.

Ол өткен жылдың желтоқсан айында әскери бөлім командирінің бұйрығымен жұмыстан босатылған. Басты себебі, ҚР Еңбек кодексінің 49 бабының 3 ші бөлігі бойынша, яғни "Еңбек шартын тоқтату негіздер 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу" бап талаптарына сәйкес, жұмыс берушінің экономикалық ахуалының төмендеуіне байланысты өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюына байланысты жұмыстан шығарылған.

Мұнымен келіспеген А. сот төрелігіне жүгінген. ҚР Еңбек кодексінің 53 бабының, 2 бөлігіне сәйкес, еңбек шарты осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші он бес жұмыс күні бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционалды түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетуге міндетті – делінген.

Шымкент әскери сот талқылауы барысында жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан шығаруға себептері негізін таппағандықтан әскери қызметкердің жұмыстан босатылуын заңсыз деп таныды. Сөйтіп А.ның Шымкент әскери сотына берген талап арызы қанағаттандырылды. 14.12.2018 ж.күнгі шыққан А.ны қызметтік лауазымынан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, ол бұрынғы жұмысына оралды.