Әскерилер қашықтықтан жұмыс істеуі мүмкін бе

0
922

Барлық әскери қызметші коронавирустың қандай қауіпті және оны жұқтырудың алдын алу жолдары қалай екенін біледі.


Әскерилер қашықтықтан жұмыс істеуі мүмкін бе

ERNUR.KZ. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға қатысты іс-шаралар әскердің қатысуымен болып жатыр, деп жазады baq.kz.

Бұл қалалардағы нысандарды дезинфекциялау, блок-бекеттердегі кезекшіліктер екені белгілі. Ал әскери қызметшілердің қауіпсіздігі үшін сонымен қатар Қарулы Күштер жауынгерлік қабілетті болу үшін не істеу керек?

Бұл сұрақ ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевқа қойылды.

Ең алдымен, бұл ағарту жұмысы екенін айта кету керек. Барлық әскери қызметші коронавирустың қандай қауіпті және оны жұқтырудың алдын алу жолдары қалай екенін біледі. Санитариялық бақылау және өңдеу шаралары арттырылады. Қызметтік бөлмелер мен казармаларды күнделікті дезинфекциялау қалыпты жағдайға айналды. Бүгінгі күні әскери бөлімдерде жеке тазалық үшін дезинфекциялық құралдар бəрі үшін қол жетімді болып отыр. Сондай-ақ, әрбір әскери қызметшінің денсаулық жағдайына үлкен көңіл бөлінеді. Біздің барлық медицина қызметкері жеке құрамның көңіл-күйіне үздіксіз бақылау жүргізеді.

Қашықтықтан жұмыс істеуге көшу жоспарда бар ма?

Жоқ. Әскери қызметшілер қашықтықтан жұмыс істеуге өте алмайды. Олар карантин туралы айтпағанда, тіпті әскери іс-қимылдар жағдайында да міндеттерді орындауы тиіс. Жауынгерлік даярлық ешқандай жағдайда да зардап шекпеуі тиіс. Бірақ бізде бүгін көптеген адамның жиналуына байланысты жаппай іс-шаралар тоқтатылды. Әскери қызметшілердің бір бөлігі кестеге сәйкес демалысқа жіберілді. Жауынгерлік дайындыққа байланысты емес міндеттерді, кеңсе қызметтерін орындайтын азаматтық персонал қашықтықтан яғни үйде жұмыс істейді. Күн сайын әскери бөлімдерден тысқары шығатын келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бөлімде тәулік бойы болатын мерзімді қызмет әскери қызметшілерден бөлек жүзеге асырылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және әскери оқу орындары курсанттарын босатуға жəне олардың туыстары мен жақындарына баруға тыйым салынады. Бірақ олармен қарым-қатынас жасау үшін смартфондарды пайдалану мүмкіндігі кеңейтілді. Сондықтан, ата-аналар тыныштығы басты назарда болып отыр.

Басшылық құрамның қауіпсіздігі үшін қосымша шаралар қабылдана ма?

Жоқ, барлық әскери қызметші үшін кешенді іс-шаралар штаттық режимде жүзеге асырылады: дезинфекция, санитариялық өңдеу, жеке тазалық ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар да қарастырылады. Бірақ, барлық кеңес тек селекторлық режимде өткізіледі. Бұдан басқа, Қорғаныс министрінің өзара алмастырушы басшылары мен орынбасарлары арасындағы тікелей байланыстар алынып тасталды. Осыған ұқсас ережелер Қорғаныс Министрлігінен жеке әскери бөлімге дейін басқарудың барлық деңгейлерінде енгізілді. Бұл сақтық шаралары мемлекеттік қажеттілік мақсатында ұйымдастырылған Қарулы Күштердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жағдайда жауынгерлік қабілеттілікті сақтау - әскери ғылым мен тəжірибесінің талаптарының бірі болып саналады.

Осы іс-әрекеттер алгоритмі алдын ала қарастырылған және қазір іске асырылды.