Әскерилердің жалақысы 60 пайызға артатын болды

0
435

Сұлтан Қамалетдинов жалақыны көтеру үш жылда біртіндеп жүзеге асатынын айтты.


Әскерилердің жалақысы 60 пайызға артатын болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. 2025-2027 аралығында әскери қызметшілердің жалақысы 60 пайызға өседі. Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Келесі жылдан бастап, сержанттардың, офицерлердің, келісімшарттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Үш жылдың ішінде 60 пайызға артады», - деді ол.

Бұған дейін Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы өте төмен екенін, соңғы рет олардың жалақысы 2008 жылы ғана көтерілгенін айтқан болатын.