Асхат Аймағамбетов: Қазақстан ЖОО дипломдары барлық елде мойындалған

0
464

Жалпы Қазақстан түрлі елдердегі бірқатар жоғары оқу орындарымен келіссөздер қарастырады.


Асхат Аймағамбетов: Қазақстан ЖОО дипломдары барлық елде мойындалған

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік жоғары оқу орындарымен арада болып жатқан келіссөздер туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жалпы Қазақстан түрлі елдердегі бірқатар жоғары оқу орындарымен келіссөздер қарастырады. Сонымен қатар, Мәскеу инженерлік-физикалық институты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Себебі университеттер өздерінің ұйымдастыру мәселелерін шешіп алуы керек. Бұл жағдайда ЖОО құрамында олардың филиалдарын ашу мәселесі қарастырылып отыр. МИФИ өз кезегінде ҚазҰУ-мен келіссөз жүргізіп жатыр» - деді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осындай форматта студенттер екі диплом ала алады.

«Онда әртүрлі тректер болады. Осы жағдайда олар біздің жоғары оқу орындарымен жұмыс істеген кезде екі дипломды алу мүмкіндігі пысықталып жатыр. Қазіргі кезде бізде екі жүзден астам білім беру бағдарламасы бар», - деді А. Аймағамбетов.

«Қазақстан дипломдары барлық елде мойындалған. Елімізде бакалавриат алып, Еуропаға, Ұлыбританияға барып магистратураға оқуға баруға болады», - деді ведомство басшысы.