ШЫМКЕНТ: ​TikTok-та балағат сөздер айтқан стример жауапқа тартылды

0
73

Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


ШЫМКЕНТ: ​TikTok-та балағат сөздер айтқан стример жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады.

Шымкент қаласында жүрген Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны Н. Ә. тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытқаны белгілі болды.
Аталған азаматшаға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, сотқа жолданды.
Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: мұндай құқыққа қайшы әрекеттер назардан тыс қалмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзу жайты үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.
Бөлісу