Астана әкімі бизнес-класс санатындағы таксимен жүретін болды

0
1 286

Ал әкімдік ай сайын такси компанияларына қызмет көрсеткені үшін ақша төлейді


Астана әкімі бизнес-класс санатындағы таксимен жүретін болды

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Астана әкімі Әсет Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қала регенерациясы басқармасының басшысы Ғали Исқалиев мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, әкімдік ай сайын такси компанияларына қызмет көрсеткені үшін ақша төлейді.

"Қалада әдеттегі тарифтер болады. Бос тұрған көліктер ведомствоаралық ұйымдарға - полиция, мектеп, ауруханаларға таратылады. Бұл әкімдіктің барлық әкімшілігіне, әкім аппаратына және басшылыққа да қатысты. (...) Мұның алдында көліктер болғанда біз оларға қанша қаражат жұмсайтынымызды білетінбіз, ол кезде кеңседегі көліктердің санына байланысты 800 мыңнан 1,5 миллионға дейін ақша кететін", - дейді Ғали Исқалиев.

Ол әкімдіктің әрбір басқармасында такси қолдануға шектеу қойылғанын атап өтті. Ол орташа есеппен 300-400 мың теңге көлемінде екен.

"Қала әкімінде де такси болады, бірақ ол жалдамалы, ай сайын төленіп тұрады. Орынбасарларда да осылай. Оларда бизнес-класс санатындағы автокөліктері болады, ал барлық бөлім қызметкері эконом-класқа ауысады. Конкурс өтіп кетті, бүгін Astana Taxi-мен бес жылға келісімшартқа отырамыз", - деді Қала регенерациясы басқармасының басшысы. Бюджеттік шығынды үнемдеу 20 пайыздан кем болмайды деп жоспарлап отырмыз, бірақ іс жүзінде ол әлдеқайда көп, яғни шенеуніктер жеке көліктен бас тартады. Болашақта, менің ойымша, 40 пайызға дейін үнемдеу болады , - деді Ғали Исқалиев.