Астана – Ерейментау учаскесінде машинист жол апатының алдын алды

0
112

Пойыз жолына кенеттен шыққан үш жеңіл көлік үлкен апатқа, қайғылы оқиғаға себеп бола жаздады.


Астана – Ерейментау учаскесінде машинист жол апатының алдын алды

фото: Қазақстан темір жолы

ERNUR.KZ. 22 қазан күні сағат 16.27-де Астана – Ерейментау учаскесінің Едіге – Ерейментау аралығында жолаушылар пойызының машинисі 108 км/сағ жылдамдықпен келе жатып реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Пойыз жолына кенеттен шыққан үш жеңіл көлік үлкен апатқа, қайғылы оқиғаға себеп бола жаздады.

«Локомотив бригадасы кәсіби және жедел әрекеттің арқасында соқтығысудың алдын алды. Жол ережесінің бұзылуына жол бергендер оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз маршрут бойынша 7 минутқа кешігіп жүрісін жалғастырды. Құқық бұзушылық туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жолданды. Оқиғаның себебі – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы», - деп жазды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.