​Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын электр пойыздарға 191 вагон сатып алынады

0
47

Бұған дейін Көлік министрлігі Бас көлік прокуратураның өкілдерімен бірлесіп, жекеменшік тасымалдаушылар пойыздарына инспекциялық тексерулер жүргізген еді.


​Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын электр пойыздарға 191 вагон сатып алынады

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

ERNUR.KZ. Биыл Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын электр пойыздарға 191 вагон сатып алынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

- Бүгінде Астана – Бурабай, Астана – Ерейментау, Астана – Қарағанды және Астана – Атбасар бағыттары бойынша 2013, 2014, 2016 және 2024 жылдары шығарылған электр пойыздары жүреді. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту аясында Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін жаңа вагондардан құрылған жедел электр пойызы іске қосылды, - деді ол.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, жалпы жылжымалы құрамды жаңарту жүйелі негізде жүзеге асырылады.
- Жолаушылар вагондарының жалпы паркі шамамен 2,7 мыңды құрайды. Бұл ретте соңғы 10 жылда тозу деңгейі 56-дан 41 пайызға дейін төмендеді. 2025 жылы – 175 вагон сатып алынды, 2026 жылы – 191 вагон сатып алу қарастырылған. Паркті одан әрі жаңарту аясында 2030 жылға қарай жаңа вагондардың үлесін 90 пайызға дейін жеткізу көзделген. Аталған шараларды іске асыру жолаушылар тасымалының жайлылық, сенімділік және қауіпсіздік деңгейін дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік береді, - деді Роман Скляр.
Бұған дейін Көлік министрлігі Бас көлік прокуратураның өкілдерімен бірлесіп, жекеменшік тасымалдаушылар пойыздарына инспекциялық тексерулер жүргізген еді.