Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейсі ашылады – министрлік

0
122

Рейстер аптасына 2 рет қатынайды.


Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейсі ашылады – министрлік

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Енді Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Биыл 2 маусымнан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

«Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.