Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап орындалады.
фото: Министерство транспорта Казахстана
ERNUR.KZ. "Россия" әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстердің қайта іске қосылатынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап орындалады.
"Рейстер екі класты конфигурациядағы Airbus A319 әуе кемелерімен (эконом және бизнес) жүзеге асырылады", - деп жазылған елорда әуежайының хабарламасында.
Жазғы кестеге сәйкес, рейстер аптасына үш рет орындалады:
Астанадан — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері,
Санкт-Петербургтен — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.
Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болып, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік және іскерлік ағынның артуына ықпал етеді.


