Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Фото: әлеуметтік желіден
ERNUR.KZ. Ақмола облысында тасжолда 40-қа жуық көлік соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz.
"Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржан сал ауданының Қоғам мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ", – деп хабарлады ведомство.