Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің 1 миллион теңгесін алып кеткен

0
193

Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған.


Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің 1 миллион теңгесін алып кеткен

Видео кадры/instagram/police__astana

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің ақшасын алып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Астана тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс біреу оның 1 миллион теңгесін иемденген. Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған.

Өтіп бара жатқан азамат бұл ақшаны тауып алғанын хабарлаудың орнына, оны алып кетіп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады. Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны ақша қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған. Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып, қашып кеткен".

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажетіне жұмсап үлгерген.

Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.