Астанада 10G интернеті сынақтан өткізіліп жатыр

0
65

Пилоттық жобаға қала тұрғындары 2025 жылдың 19 қыркүйегіне дейін қатыса алады


Астанада 10G интернеті сынақтан өткізіліп жатыр

фото: Пресс-служба акима Астаны

ERNUR.KZ. Астана қаласында секундына 10 Гбит/с дейінгі (10G) сымдық интернетті сынауға арналған пилоттық жоба іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.
"Таныстыру барысында қатысушыларға 10G PON технологиясының ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылып, жаңа буындағы оптикалық терминалдар, заманауи OLT және Wi-Fi 7 стандарты көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Демонстрациялық аймақта қонақтар интернетті жеке сынап, қосылу жылдамдығын өлшеп, сервистердің тұрақтылығын бағалай алды.