Астанада 30 жастағы әйел анасын пышақтап өлтірді

0
96

Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесі бірнеше күн бойы пәтерде жатқан.


Астанада 30 жастағы әйел анасын пышақтап өлтірді

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Астанада туған анасымен ұрысып, жанжал кезінде оны пышақтады деген күдікпен 30 жастағы әйел ұсталды, деп жазады baq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесі бірнеше күн бойы пәтерде жатқан. Күдіктінің бір жасқа толмаған баласы бар.

Полиция оқиғаның болғанын растады.

Әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әйелдің 30 жастағы қызы ұсталды. Алдын ала деректерге сәйкес, олардың арасында жанжал туып, ол ұрыс-керіске ұласқан. Сол сәтте қыз анасына пышақ жарақатын салған, – деді Астана ПД баспасөз қызметі.