Астанада 9-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

0
174

Ол екінші қабаттың шетіне құлап, бірақ аман қалған.


Астанада 9-қабаттан құлап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Астанада 9-қабаттан құлап кеткен 6 жасар баланың жағдайы белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бала басқа бөлімге ауыстырылды.

"Оның жағдайы әлі ауыр, бірақ тұрақты. Бала жарақат бөліміне ауыстырылды", – делінген хабарламада.

11 тамызда баланың 9-қабаттан құлап кеткенін хабарлаған еді. Ол екінші қабаттың шетіне құлап, бірақ аман қалған. Осыдан кейін дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Кейінірек полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 6 жасар бала үй бөлмесінде жалғыз болған. Кейін терезеге жақындап, құлап кеткен. Оқиға кезінде анасы басқа бөлмеде болған. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.