Астанада AstauFest гастрофестивалі екінші күн қатарынан өтіп жатыр

0
104

AstauFest 2 қазанға дейін жалғасады.


Астанада AstauFest гастрофестивалі екінші күн қатарынан өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Елордада AstauFest-2025 VI Халықаралық гастрономиялық фестиваль жалғасып жатыр. Биыл шараға әлемнің 45-тен астам оқу орнының өкілдері қатысып отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

AstauFest 2 қазанға дейін жалғасады. Дәстүрге сай фестиваль бірнеше бағытты қамтиды: кәсіби номинациялар бойынша сайыстар өтіп, үздік аспазшылар, кондитерлер, наубайшылар мен бармендер анықталуда.

Биылғы AstauFest Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп отыр. Оған жақын және алыс шетелдерден 45 оқу орнынан 300-ден астам қатысушы жиналды.

«AstauFest-2025 – қоғамдық тамақтану саласы мамандарының кәсібилігін арттыруға бағытталған жыл сайынғы шара. Фестивальдің басты мақсаты – мейрамхана индустриясын дамыту және оны экономиканың маңызды саласы ретінде таныту», – деді ұйымдастырушылар.

Қатысушылардың шеберлігін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамында Швейцария, Франция, Үндістан, Ресей, Қазақстан және өзге елдерден келген 13 кәсіби маман бар.

Фестиваль аясында гастрономия мен кулинария саласындағы сарапшылар шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізуде. Сондай-ақ кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған іскерлік кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

AstauFest гастрономиялық фестивалі алғаш рет 2019 жылдың күзінде Астанада өткен болатын.