​Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

0
97


​Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.
Онлайн ұшу тақтасындағы мәлімет бойынша, кешіктірілген рейстердің қатарында ішкі рейстер де бар. Мысалы, Өскемен, Қызылорда және Атыраудан келетін рейстер кешіккен.

Air Astana компаниясы да бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын атап өтті.

Жолаушыларға әуежайға аттанар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратты оқу ұсынылады.