Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды

0
28

Бұдан бөлек, өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам дерек тіркелді.


Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды

© Sputnik

ERNUR.KZ. Елордада аялдама павильонына зақым келтірген екі тұрғын қамауға алынды, деп жазады Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандарға зақым келтірудің екі фактісін анықтады. Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам мас күйінде аялдама павильонын бүлдірген. Ол аялдаманың есігін бірнеше рет ұрған, соның салдарынан есік сынған. Соттың қаулысына сәйкес, құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Екінші жағдайда 19 жастағы жігіт те мас күйінде жанжал барысында жеке нысанның сыртқы қабырғасына аяқпен соққы жасап, жылы аялдаманың жанындағы жарнамалық құрылымды және қабырғаның бір бөлігін бүлдірген. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Аталған фактілер бойынша келтірілген материалдық залалдың сомасы есептеліп, кейін оны өтеу туралы талаптар қойылатын болады. Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 3 мың адам жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам дерек тіркелді.