Жанжалға қатысқандардың барлығы ұсталды.
Фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Астанада әйелдер мен ер адамдар теміржол вокзалы – «Астана-1» аялдама кешені маңында көшеде үй-күйсіз адамды соққыға жыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Айтылғандай, оған себеп – әлгі ер адамның әйелге қатысты орынсыз әрекеті болған. Сол сәтте жанындағылар оны сол жерде жазаламақ болған.
Кадрларда адамдардың жерге құлаған ер адамды жабылып теуіп жатқанын көруге болады.
Астана қалалық полициясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Аталған факті бойынша алкогольдік мас күйде болған жанжалға қатысушылардың барлығы жеткізіліп, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды», – делінген хабарламада.


