Астанада Болат Назарбаевтың қазасына байланысты ас берілді

0
1 707

Астың қайда және қашан өтетіні туралы мәліметті бірқатар БАҚ Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап хабарлаған.


Астанада Болат Назарбаевтың қазасына байланысты ас берілді

ERNUR.KZ. Астанадағы Бас мешітте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың қазасына байланысты ас берілді, деп жазады inform.kz.

Астың қайда және қашан өтетіні туралы мәліметті бірқатар БАҚ Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап хабарлаған.

«18.11.23 күні сағат 13:00-де Республикалық Бас мешітте Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаев қайтыс болғандығына орай ас береді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысады», - делінген мүфтият таратты делінген ақпаратта.

Telegram-арналарда тараған видеолардан аталған асқа Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде жоғары билікте болған, көптен бері ел көзіне түспей жүрген экс-шенеуніктердің келгенін көруге болады. Олардың ішінде Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров, Даниал Ахметов сияқты адамдар бар.

Сондай-ақ, зиялы қауым өкілдерінің арасынан Мырзатай Жолдасбеков пен Бүркітбай Аяғанның БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бергенін көруге болады.