Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды

0
297

Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулік, екіншісіне 7 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.


Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды

Фото: Видео кадрларынан скрин
ERNUR.KZ. Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылып, балаларға су шашқаны үшін қамауға алынды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция ер адамдарды анықтап, сот оларды 25 және 7 тәулікке әкімшілік қамауға жіберді, деп жазады Stan.kz.

Олар қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиғаны полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.

Жарияланған видеода ер адамдардың алкоголь ішіп, шалшыққа түсіп шомылғаны, суды тепкілеп, жанында тұрған балаларға қарай шашқаны көрінеді.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулік, екіншісіне 7 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және оның жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Ведомство қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактісіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.