Астанада екі қабатты ғимаратта өрт шықты

0
55

ТЖМ мәліметінше, ғимараттың шатыры өртенген.


Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Елорда өртсөндірушілері Байқоңыр ауданындағы Н. Гастелло көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.
ТЖМ мәліметінше, ғимараттың шатыры өртенген.
"Өрт сөндіру штабы құрылды, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Су үздіксіз беріліп тұр", – деп хабарлады министрлік.
Қазір газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ 12:41-де өрттің оқшауланғанын хабарлады. Қауіпсіз жерге 8 газ баллоны шығарылған.
"Қазір өрт оқшауланды", – деді ведомство.
Ал 13:17-де өрттің 270 шаршы метр аумақта толық сөндірілгені мәлім болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жылыту пешін дұрыс пайдаланбаудан шыққан. Зардап шеккендер жоқ.