Астанада екі қабатты ғимаратта өрт шықты

0
66


Астанада екі қабатты ғимаратта өртТЖМ

Елорда өртсөндірушілері Байқоңыр ауданындағы Н. Гастелло көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ТЖМ мәліметінше, ғимараттың шатыры өртенген.

"Өрт сөндіру штабы құрылды, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп жатыр. Су үздіксіз беріліп тұр", – деп хабарлады министрлік.

Қазір газ-түтіннен қорғау қызметі барлау жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Жарнама

ТЖМ 12:41-де өрттің оқшауланғанын хабарлады. Қауіпсіз жерге 8 газ баллоны шығарылған.

"Қазір өрт оқшауланды", – деді ведомство.

Ал 13:17-де өрттің 270 шаршы метр аумақта толық сөндірілгені мәлім болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жылыту пешін дұрыс пайдаланбаудан шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу