Астанада екі ресейлікті соққыға жықты деген күдіктілер ұсталды

0
304

Сауран көшесіндегі хостелде Ресей азаматтары соққыға жығылып, тоналғаны белгілі болды.


Астанада екі ресейлікті соққыға жықты деген күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Астана полицейлері екі қарақшыны ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Сауран көшесіндегі хостелде Ресей азаматтары соққыға жығылып, тоналғаны белгілі болды.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері хостел қонақтары арасындағы жанжал алкогольдік ішімдік ішу салдарынан болғанын анықтады. Тұрғындар арасында төбелес шыққан, оның ішінде екі Ресей азаматы да бар. Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған", - деді Астана қалалық Полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер бұған дейін Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның екі тұрғынын ұстаған, олардың бірі бұрын бірнеше рет сотталған.

"Күдіктілерге қатысты "Қарақшылық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, заттай айғақтар тәркіленді, қазіргі уақытта күдіктілер кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана Полиция департаменті ескертеді: егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалған болса, дереу 102 арнасы арқылы полицияға хабарлауыңыз қажет", - делінген Астана полициясы таратқан хабарламада.