Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды

0
117

21 жастағы күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.


Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды

фото: Sputnik / Руслан Кривобок

ERNUR.KZ. Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп жазады sputnik.kz.

Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші болған оқиға туралы "102" арнасына хабарлаған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мылтық тәркіленді", - дейді полиция.
Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері болып шықты. Ол оқиға болған кезде еңбек демалысында болған, дейді Астана полициясы.