Астанада ІІМ басқару академиясы құрылады

0
152

Құжат 20 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.


Астанада ІІМ басқару академиясы құрылады

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ "ҚР Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп жазады zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің басқару академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – делінген құжатта.

Тиісті академияны басқару жөніндегі уәкілетті орган болып ҚР Ішкі істер министрлігі белгіленді.

Академияны қаржыландыру ҚР ІІМ ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

ІІМ түсіндіргендей, жоба ішкі істер органдарының жоғары және орта буындағы басшылық құрамын (аудандық бөліністерден облыстық бөліністерінің бастықтарына дейін) даярлау үшін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету саласында ғылыми зерттеулердің хабын құру мақсатында астанада ІІМ Басқару академиясын құру қарастырылған.

Академияның базасында ІІМ барлық академияларының ғылыми-зерттеу бөліністері және диссертациялық кеңес шоғырланатын болады. Оқыту магистратура, докторантура және басшылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша өткізілетін болады.

"Білім беру мекемесін елордада орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламент Мәжілісінің өкілдерін, мемлекеттік органдардың, астаналық оқу орындарының, халықаралық және т.б. ұйымдардың басшылары мен сарапшыларын оқу процесіне басқару және заң шығару саласында тәжірибемен алмасу үшін үздіксіз тартуды қамтамасыз етеді",- деп түсіндірді ІІМ.

Құжат 20 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.