Өрт сағат 8.50 шамасында толығымен сөндірілді.
ERNUR.KZ. 17 қаңтарда таңертең, Алматы ауданында Бауыржан Момышұлы даңғылындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатында орналасқан балконда өрт шықты, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жоғары дабыл белгісімен аяқтан тік тұрғызылып, оқиға орнына аттанды.
"Алғашқы өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына келіп жеткенде балконның ашық жалынмен оранғанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау мен өртті сөндірумен айналысты. ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялап, көрші пәтерден екі баланы құтқарды", делінген хабарламада.
Өрт сағат 8.50 шамасында толығымен сөндірілді.


