Астанада көпқабатты үйде өрт шығып, 5 адам құтқарылды

0
440

Құтқарылғандардың ішіндегі бала көмірқышқыл газын ингаляциялау арқылы ауруханаға жеткізілген.


Астанада көпқабатты үйде өрт шығып, 5 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Елордалық өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қараша таңертең өрт сөндіру бөлімшесіне Бауыржан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

"Өрт сөндірушілер үш минутта шақырту орнына жеткен, онда он бес қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында 50 шаршы метр аумақтағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Қызметкерлер бірінші кезекте көмек сұраған адамдарды құтқаруға кірісті. Өз өмірлерін қатерге тіккен өрт сөндірушілер бес адамды құтқарды. Оның біреуі бала, он адам эвакуацияланды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарылғандардың ішіндегі бала көмірқышқыл газын ингаляциялау арқылы ауруханаға жеткізілген. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан аса адамы мен алты техникасы жұмылдырылғаны хабарланды. Оқиға орнына Апат медицинасы орталығының құтқарушылары да жетті.
"Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілердің өздері де зардап шекті, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі мен өрт сөндіру бөлімінің бастығының көмекшісінің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалды. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы бес адамды құтқарған өртсөндірушілерді марапатқа ұсынатыныын айтты.