​Астанада көпқабатты үйдегі өрт: әйел ауыр жағдайда реанимацияда жатыр

0
86

Диагнозы – 2–3 дәрежелі күйік.


​Астанада көпқабатты үйдегі өрт: әйел ауыр жағдайда реанимацияда жатыр

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

ERNUR.KZ. Астанада көпқабатты үйде болған өрт кезінде зардап шеккен әйелді үш жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Қазір оның жағдайы ауыр, деп жазады inform.kz.

Мәлім болғандай, зардап шеккен әйелді жедел түрде қалалық көпсалалы №1 ауруханаға жеткізілген. Диагнозы – 2–3 дәрежелі күйік.

Қазіргі уақытта пациентка реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды.
Еске салсақ, өрт 12 сәуір түнде, Түркістан көшесі, 14А мекенжайында орналасқан көпқабатты пәтерде шыққан. Оқиға орнында үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.