Астанада куберлер мемлекеттік тудың бейнесін рубик текшелерінен құрастырды

0
196

Паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды.


Астанада куберлер мемлекеттік тудың бейнесін рубик текшелерінен құрастырды

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Республика күніне орай астаналық куберлер "Mega silk way" сауда-ойын сауық орталығында мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырды, деп жазады inbusiness.kz.

Көрерменнің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 6 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері жастар мен балаларға шеберлік сабағын ұйымдастырды.


“Республика күніне орай MEGA SILK WAY сауда, ойын-сауық орталығының ұсынысын қабыл алып, Қазақстан картасында орналасқан еліміздің туын рубик текшелерімен жинаймыз деп шештік. Барлығы алты жігіт қатысты. Біздің мақсатымыз - Қазақстанда спидкубинг спортын дамыту және еліміздің туын, елге қатысты басқа да суреттерді құрастыру арқылы көрерменнің патриоттық сезімін арттыруға ат салысу”, - деді Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі Шыңғыс Қайырылбаширов.

“Бізге қатты ұнап жатыр. Жастардың талантына, осындай рухты көтерертін дүниелер жасауға талпынысына тәнті болдық”, - деді қала тұрғыны Гүлзима Ибрагимова.