Астанада лицензиясыз қызмет көрсеткен мектеп жауапкершілікке тартылды

0
99

Білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияларды министрліктің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері береді.


Астанада лицензиясыз қызмет көрсеткен мектеп жауапкершілікке тартылды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Астанада "Жеке мекеме "Математика тіл мектебі" негізгі орта білім беру бойынша лицензиясыз қызмет көрсеткені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияларды министрліктің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері береді.

Астана қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ақпараты бойынша, аталған мекемеде "Бастауыш білім" (1–4 сыныптар) бойынша 2020 жылғы 27 қарашада берілген № KZ36LAA00019341 лицензия бар.

Алайда 2025 жылғы 24 қыркүйекте тексеру барысында ұйымның "Негізгі орта білім" қызмет түріне қажетті лицензияға қосымшасы жоқ екені анықталған.

Министрлік хабарлауынша, 2025 жылғы 22 қазанда Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен "Жеке мекеме "Математика тіл мектебі" "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға сәйкес, рұқсат беру құжаттарынсыз негізгі орта білім бойынша қызмет көрсеткені үшін 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.