Фото: Желі кадрларынан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде елордалық жеңіл рельсті көліктің (LRT) сынақтан өткізілу сәтінен бейнежазба тарады, деп жазады Stan.kz.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектың айтуынша, алғашқы пойыздың маршруты “Абу-Даби” аялдамасына дейін жетіп, әрі қарай Мәңгілік Ел даңғылындағы көпір бағытына қарай қозғалады.
- – Тестілік кезең 3–6 айға созылады.
- – Қазан айында қосымша 8 пойыз жеткізіледі.
- – Желтоқсанға дейін барлығы 18 құрам дайын болады.
- – Алдағы жылдың басынан бастап пойыздар толыққанды жұмыс істейді деп жоспарлануда.
- – Жобалық жолақы құны — 200 теңге.