​Астанада LRT стансасынан өрт шықты

0
160

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


​Астанада LRT стансасынан өрт шықты

Фото: Астана әкімдігі


ERNUR.KZ. Астанада LRT стансаларының бірінен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шықты, деп жазады inform.kz.

Оқиға Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен мақта тұтанған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық өшірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.