Астанада мас ер адам әйелге қоқан-лоқы жасап, көлігін қиратқан

0
141


Астанада мас ер адам әйелге қоқан-лоқы жасап, көлігін қиратқан

Фото: damages.ru
ERNUR.KZ. Мас күйдегі ер адам Астанада әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, оның көлігінің алдыңғы әйнегін сындырды. Полиция күдіктінің психиатриялық есепте тұрғанын анықтап, оны психикалық денсаулық орталығына жеткізді, Stan.kz.

Астанада өзін агрессивті ұстаған ер адам бір әйелге жақындап, егер көлігін алып кетпесе, өлтіремін және ауыр жарақат саламын деп қорқытқан.

Әйел дауласпай, көлігін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған белгісі бар өз орнына апарып қойған. Алайда ер адам оның соңынан еріп, бопсалауын жалғастырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырып жіберген.

"Ақырында бізге ешкім ештеңе қалпына келтірмейді деп айтты, себебі ол психиатриялық ауруханаға жатқызылған екен. Сонда мұндай адамдарға бәрі рұқсат па? Менің анам да науқас адам! Ол он жылдан бері қатерлі ісікпен күресіп келеді және сонша уақыттан бері мүгедек. Олардың әрекеті үшін біреу жауап беруі керек қой", – деп пікір білдірді жәбірленуші әйелдің қызы.

Астана полиция департаментінде бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдағанын және күдіктінің психиатриялық есепте тұрғаны анықталғанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, медициналық көмек көрсету үшін Психикалық денсаулық орталығына тапсырды", – делінген полицияның ресми жауабында.