Сондай-ақ 24 техника тартылған.
Photo : Пресс-служба МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Астана қаласында үш қабатты ғимараттағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жеке құрамнан 100 адам және 24 техника жұмылдырылды. Ведомствоның мәліметінше зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Ғимарат қаланың оң жағалауында, Дүкенұлы көшесінде орналасқан.


