Денсаулығына байланысты жүре алмайтын ана полициядан көмек сұрады.
фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Астанада полицейлер жоғалған қызды тауып, анасымен қауыштырды, деп жазады sputnik.kz.
Елорда тұрғыны хабарласып, 27 жастағы қызына бір аптадан астам уақыт бойы хабарласа алмай отырғанын жеткізді. Денсаулығына байланысты жүре алмайтын ана полициядан көмек сұрап, "102" арнасына жүгінді.
Жедел әрекет нәтижесінде Астана қаласы полиция департаменті Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларын ұйымдастырды. Оған жедел уәкіл Бағлан Тұрсынбай, жедел-криминалистика бөлімінің криминалисі Рахат Жұмабаев және тергеуші Марат Бортан қатысып, бірлесіп жұмыс жасады.
Қыздың мекенжайы тез арада анықталып, бойжеткен табылды. Жедел қызметкерлер оны анасына аман-есен табыстап, отбасына қауыштырды.