Астанада робот иттер жұмысқа шықты (ВИДЕО)

0
104

Ол адамның жеке басын анықтай алады.


Астанада робот иттер жұмысқа шықты (ВИДЕО)

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтары, әуежайлар мен вокзалдарда робот иттер сақшы қызметін атқаруды бастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ІІМ дерегінше, робот видеокамерамен және бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған. Ол іздеу базасындағы ақпаратпен салыстырып, адамның жеке басын анықтай алады.


Сонымен қатар, робот ит дауыстық трансляция арқылы кез келген мәтінді жариялай алады, яғни ескерту беріп, тәртіп бұзушылықтарды хабарлайды.

Барлық видеожазба орталық қауіпсіздік басқару жүйесіне (ЦОУ) жіберіледі. Осылайша күдікті әрекеттерді жедел анықтауға мүмкіндік жасалған.