Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде тағы бір жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды

0
114

Оқиға 14 желтоқсанда қасбеттік жұмыстар кезінде болған.


Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде тағы бір жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында жұмысшының қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады zakon.kz.

Қайғылы оқиға жайлы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда қасбеттік жұмыстар кезінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрылыс алаңында аспалы көтергіш кабелі үзілген. Оқиға салдарынан 41 жастағы ер адам биіктіктен құлап, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Полиция тергеу құрылыс жұмыстарын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.