Елордада бір адамға шаққандағы тұрғын үйдің шаршы метрінің көлемі бекітілді.
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Астана мәслихаты елордада тұрақты және уақытша тұруға арналған стандартты бекітті, деп жазады sputnik.kz.
"Астана қаласы аумағында тұрғылықты жері және уақытша болу (тұру) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы" құжат бұған дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылған болатын. Алайда оған тұрғындар тарапынан ешқандай ескертулер де, сұрақтар да қойылмаған, дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ержан Жүсіпов.
"Жоба ерлі-зайыптыны, балаларды және бір үйде бірге тұратын жақын туыстарын қоспағанда, бір адамға 15 шаршы метр стандартты бекітуді ұсынады. Бұл норматив бір тұрғын үйде ондаған, тіпті жүздеген адамды тіркеуден бас тартуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Нәтижесінде мәслихат "тұрғындарды және Астанада уақытша болғандарды нақты есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тіркеудің нақты тәртібін жасау" мақсатын мақұлдады.
Бұған дейін Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин астананың "резеңке" пәтерлерінде тіркелу мәселесін атап өткен болатын. Ол бір мекенжайға 3 450 адам тіркелгенін мысал ретінде келтірді.
Ішкі істер министрлігі тіркелмей жүргендерге шара қолданылатынын еске салды. Егер адам бір ай ішінде жаңа мекенжай бойынша тіркелмеген болса, онда ол ескерту алады. Ұзақ мерзімде 7 АЕК немесе 27 524 теңге (53,7 доллар) мөлшерінде айыппұл салынады. Қайта бұзса, 13 АЕК немесе 51 116 теңге (99,7 доллар) айыппұл салынады.
Тіркеусіз өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрғын үй иелеріне 10 АЕК немесе 39 320 теңге (76,7 доллар), қайта бұзса, 20 АЕК немесе 78 640 теңге (153,4 доллар) айыппұл салынуы мүмкін.


