Астанада түнде жол қызметкерлерін қағып кетті: бірі оқиға орнында қаза тапты

0
119

Жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.


Астанада түнде жол қызметкерлерін қағып кетті: бірі оқиға орнында қаза тапты

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Астанада түнде екі жол жұмысшысын көлік қағып кетті, біреуі қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 18 тамызға қараған түні Škoda автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесі жағынан "Сарайшық" көпірімен Сарайшық көшесіне қарай қозғалып келе жатып, жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын ескермей, проездік бөлікте жұмыс істеп жатқан екі жұмысшыны қағып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік құралы арнайы коммуналдық тұраққа қойылды", – деп мәлімдеді полиция.