Астанада жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды

0
79

Темірхан Темірлан Әділханұлы 2005 жылы туған, 11 қарашада жоғалып кеткен.


Астанада жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды

фото:instagram/oo_qanat

ERNUR.KZ. Астанада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды. Бұл туралы QANAT еріктілер қозғалысы Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Темірхан Темірлан Әділханұлы 2005 жылы туған, 11 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 15:00 шамасында Жұмабаев даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан Еуразиялық гуманитарлық институттан шыққан.

Белгілері: бойы 175 см, көзі қоңыр. Сол жақ бетінде және ерін үстінде меңдері бар. Үстінде: ақшыл түсті куртка, қара бас киім, қара джинсы, қара аяқкиім болған. Өзінде қою сұр реңкті шағын рюкзак және жеке куәлігі болған.

Еріктіліредің мәліметінше, ол 14 қарашада кешке өлі табылған.