Астанада жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылды

0
122

Соқтығыс салдарынан бағана құлап, қасында тұрған жарнамалық тақтаға түскен.


Астанада жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылды

ERNUR.KZ. Астанада жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылды. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады baq.kz.

Автобус апаты Тәшенов көшесінде болды. Астана қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Yutong» маркалы қоғамдық көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол белгісі мен көше жарығының бағанасына соғылған. Соқтығыс салдарынан бағана құлап, қасында тұрған жарнамалық тақтаға түскен, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.